03 Қыркүйек, 2010

Елбасы қабылдады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелер мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі қаламгерлердің рөлі  талқыланды. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. М.Құл-Мұхаммед Президентті Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толық ауқымда қолданылуын қамтамасыз етуге тиісті Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Министр сондай-ақ “Мәдени мұра” бағдарламасының орындалу барысы, атап айтқанда, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді іске асыру, археологиялық қазбаларды жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді реставрациялау туралы баяндады.
Соңғы жаңалықтар