04 Қыркүйек, 2010

Кеше...

442 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
...Көлді ауылында мешіт ашылды Қасиетті Рамазан айы аяқталар тұста Еңбекшіқазақ ауданындағы Тескенсу ауылдық округіне қа­расты Көлді ауылында жаңа мешіт ашылып, бұл үдеріс халықтың ді­німізге деген ақ ниетімен астасты. Тек жақсылыққа үндейтін, адами қағидаттарды уағыздайтын ислам­ның шапағатты шаңырағы санала­тын мешіттің ауыл тұрғындарының ұйытқысымен салынғаны қуан­тады. Көлді ауылы соңғы жылдары қа­натын кеңге жайып, мәдениет үйі мен жаңа мектеп, халыққа қыз­мет көрсететін орындар салын­ды. Барды бағалаған көлділіктер аға, жас ұрпақты имандылыққа үн­дейтін Алланың үйі қажеттігін түсі­ніп, бірі – қаржысымен, бірі ең­бегімен атсалысып, жаңа мешіт­тің көк күмбезін көкке көтерді. Тағы бір қуаныштысы – ауыл тұр­ғыны, кәсіпкер Андрей Лаврентьев құрылысқа қомақты қаржы қо­сумен бірге, ауылдастарын иман­ды­лыққа бет бұруға шақырғанын айтқан жөн. Жиыннан соң әруақтарға ар­нап ас беріліп, дінімізді уағыздай­тын әндер шырқалды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. ...штабтың кезекті мәжілісі өтті Қарағанды облыстық кәсіп­одақ­тар федерациясының ұйытқы болуымен жыл басынан бері кә­сіпорындар мен мекемелер ара­сын­да “Ұжымдық шарт бекітіңіз” деген тақырыпта шара өткізіліп келеді. Салалық 11 кәсіподақты, со­ның ішінде “Арселор Миттал Теміртау” компаниясы жанындағы кеншілер­дің “Қорғау”, металлург­тер­дің “Жақ­тау”, “Қазақмыс” кор­порация­сындағы кәсіподақ ұйым­да­рын бі­рік­тірген бұл федера­ция­мен бүгінде 1350 ұжымдық шарт жасалған. Алайда өзара ынтымақ­тас­тық­қа құлықсыз еңбек буындары да жоқ емес. Әсіресе, олар шағын және орта бизнес ортасында жиі кез­деседі. Аталған акцияның не­гізгі мақсаты да сырт қараушы­лар­ды қатарға тартып, еңбеккерлер мүд­десін бүкіл салада қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Ол ойдағыдай іске асырылуда. Акция кезінде 19 ұйым ұжымдық шарт бекітуге тартылды. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды. ...меморандумға қол қойылды Кеше Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі, “ҚазАгро” Холдингі” АҚ, “Қазақстан астық одағы” заң­ды тұлғалар бірлестігі, “Қазақстан­ның астықты қайта өңдеушілер және нан өндірушілер одағы” заң­ды тұлғалар бірлестігі және облыс әкімдігі арасында Жамбыл облы­сын азық-түліктік бидаймен қам­тамасыз ету шаралары жөніндегі меморандумға қол қойылды. Биыл Жамбыл облысы бойын­ша 364,6 мың тонна астық алын­ды. Оның ішінде бидай 232,0 мың тоннаны құрайды. Осы астықтан облыстың бір жылдық ішкі қа­жеттілігі үшін 120,7 мың тонна азық-түліктік бидай және 30,0 мың тонна тұқымдық бидай жасақта­ла­ды.                Дегенмен, ол астықтың бәрі шаруашылықтардың қолында. Сондықтан, Экономиканы жаң­ғырту мәселелері жөніндегі мем­лекеттік комиссиясы мәжілі­сі­нің қорытындысына сәйкес, “Азық-түлік келісім-шарт корпо­ра­ция­сы” Ұлттық компаниясы” АҚ ішкі астық рыногын және нан­ның бағасын тұрақтандыруды қам­тамасыз ету үшін биылғы өнімнен республика бойынша 2,0 млн. тоннаға дейінгі көлемде азық-тү­лік­тік бидай сатып алатын болып шешілді. Жамбыл облысы бойын­ша азық-түліктік бидай сатып алу квотасы 33,7 мың тоннаны құрайды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.