04 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары

451 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 23 шілде №370 Астана қаласы

“Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы №183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

“Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына сәйкес және “Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысының 2-тармағын орындау үшін бұйырамын: 1. “Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 тіркелген, “Заң газетасы” атты газетада 2007 жылғы 27 шілдедегі № 114 (1317) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесінде: 3-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: жарғы және мемлекеттік тіркелгені туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен статистикалық карточкасы берілгені туралы куәліктер (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері);”; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.”; 4-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “2) мына құрылтайшы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: қызметінің негізгі түрлерінің бірі бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым ретіндегі қызмет етіп көзделген жарғы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік, статистикалық карточка (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған көшірмелері);”; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.”. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр                                                  Б. ЖӘМІШЕВ. ____________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6409 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 23 шілде №371 Астана қаласы

“Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі №265 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

“Аудиторлық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және “Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысының 2-тармағын орындау үшін бұйырамын: 1. “Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, “Заң газетасы” атты газетада 2006 жылғы 17тамыздағы № 150 (1130) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесінде: 3-тармақта: 1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “құрылтайшы құжаттардың, жарғының және мемлекеттік тіркеу туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірін алғаны туралы куәліктердің және статистикалық карточканың түпнұсқалары мен көшірмелері (осы құжаттардың салыстыру үшін тұпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелері);”; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.”. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ол алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр                                                    Б. ЖӘМІШЕВ. ______________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6409 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 3 тамыз №391 Астана қаласы

Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың ережесін бекіту туралы

“Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабының 5) тармақшасына, 227-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1)    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік сарапшы қорытындысының нысаны; 2)    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сараптаманы тағайындау туралы кеден органы шешімінің нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен  бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарда қолданылады. Министр Б. ЖӘМІШЕВ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №391 бұйрығымен бекітілген

Кеден органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың ережесі

1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартудың тәртібін айқындайды және “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 229-бабына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 1) кедендік орган болып табылмайтын кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті ұйым – кедендік мақсат үшін тауарларға сараптама жүргізетін ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым). 2) кеден органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы (маман) – сарапшы қорытындысын (бұдан әрі – сарапшы) беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие уәкілетті ұйымның маманы; 3) сарапшы қорытындысы – жүргізілген зерттеулердің нәтижесі және арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды қолдана отырып қойылған сұрақтарға жауап түрінде кедендік сарпшының қорытындысы бар құжат. 3. Тәртіп сараптама қызметін ұйымдастыру үшін кедендік мақсатта тауарларды зерттеу аумағында тәуелсіз, кәсіби пікір алу үшін қолданылады. 4. Уәкілеттік ұйымдарда кедендік сарптама жүргізудің негізгі міндетері: кедедік сараптама бойынша кәсіби пікір білдіру мақсатында ұсынылған материалдарға, құжаттарға, сынамаларға және үлгілерге жан – жақты, толық және кешедік талдауды жүзеге асыру; объективті және тәуелсіз сарапшы қорытындысын ұсыну болып табылады. 5. Кеден органы мұндай сараптаманы кедендік сарапшылар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана кедендік сараптаманы уәкілетті ұйымдарда тағайындайды. Кедендік сараптаманы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органы кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органын кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде бұл туралы хабардар етеді. 6. Кедендік сараптама тағайындаған кеден органы кедендік сараптама жүргізетін уәкілетті ұйыммен немесе сарапшымен кедендік сараптама жүргізу шарттары белгіленген шарт жасасады. 7. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 8. Сарапшы кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшы қорытындысын беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымының бар екендігін растайтын құжаттарын ұсынады. Бұйрық Қазақстан Республикасын Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6431 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар