04 Қыркүйек, 2010

Ата заңның 15 жылдығына арналды

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттерімен және оқытушыларымен Конституцияның 15 жылдығына  арналған кездесуі болып өтті. Кездесуге Мемлекет басшысы­ның жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері, Қа­зақ­стан Республикасы Парла­менті­нің депутаттары, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Бас прокуратура­сының, Жо­ғарғы Сотының, Әді­лет, Сырт­қы істер, Ішкі істер ми­нистр­лік­терінің, халықаралық ұйымдардың, шет ел елшілік­терінің өкілдері, үкі­мет­тік емес ұйымдардың, бұқара­лық ақпарат құ­ралдарының өкіл­де­рі, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық заң уни­вер­ситетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Кездесуге қатысушылар алдын­да Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Адам құқық­тары жөніндегі комиссия­ның төр­ағасы Сағынбек Тұрсы­нов,  Пар­ла­мент Мәжілісінің жанындағы Қо­ғам­дық кеңес төрағасының орын­ба­сары, Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Нәрікбаев құттықтау сөз сөйледі. Университет студенттері Арлан Молдабаев, Жібек Сарбасова, Данияр Тоқсанбаев және оқыту­шы Айдархан Аяфов баяндамалар жасап, сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар баян­­­да­маларды талқылап, Қа­зақстан Республикасында адам­ның және азаматтың құқық­тары мен бостан­дықтарын қор­ғаудың мемлекеттік тетіктерін жетілдіру туралы және құқық­тық мем­лекет құру туралы өзара пікір алмасты. Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері, халық­аралық ұйымдардың, шет ел ел­шілік­терінің, мемлекеттік орган­дардың, үкімет­тік емес ұйым­дардың өкіл­де­рі студенттерді қызықтыратын сұ­рақтарға жауап берді.