10 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығы №262

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 маусым Астана қаласы “Жолаушыларды және багажды  автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы №113-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын: 1. “Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 наурыздағы                                         № 113-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2809 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінде: 36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “36-1. Такси сыртқы екі бүйірі бойынша шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан құралған белдеумен мынадай өлшемде ресімделеді: биіктігі – 30 сантиметр; ұзындығы – 100 сантиметрден кем емес.” 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы                                      Д. КӨТЕРБЕКОВ. “КЕЛІСІЛДІ” Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі С.Н. Баймағанбетов 2010 жылғы 21 маусым Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ж.А. Досқалиев 2010 жылғы 4 маусым __________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6342 болып енгізілді.