10 Қыркүйек, 2010

Денсаулық сақтауға – кемел көзқарас

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
8-9 қыркүйекте Астанада “Ұлттық медициналық холдинг” АҚ-тың ұйымдастыруымен “Болашақ госпиталі” І Халықаралық медициналық іскерлік форумы болып өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев пен Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ау­руханалық басқарудың халықара­лық тәжірибесін алға тарта отырып, елімізде “Болашақ госпиталін” құру туралы тапсырмасын орындау осы форумды өткізудің мақсаты болып табылады. Форум өткізуде Қазақ­стан­ның бірыңғай ұлттық денсау­лық сақтау жүйесі жағдайындағы меди­циналық ұйымдарды басқару­дың тиімді түрлерін әрі қарай зер­делеу және енгізу тәжірибесі ескерілген. Форумның негізгі мақсаттары – денсаулық сақтаудағы менеджмент­тің әлемдік және отандық үрдістерін талқылау үшін пікірталас алаңын құру, форумға қатысушылар ара­сын­да іскерлік серіктестік қарым-қа­тынастарын дамыту, отандық ме­дицина ұйымдарының басшыларына шетелдік әріптестерінің басқару­шы­лық тәжірибесімен танысу мүм­кін­дігін ұсыну болып табылады. Сон­дай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын басқару, саладағы мемлекет-жеке мен­­шік әріптестігі, медициналық ұй­ым­дарды аккредиттеудің ха­лық­ара­лық стандарттары, пациентке бағ­дар­­лан­ған күтім, ақпараттық техноло­гия­лардың рөлі және саладағы басқа да өзекті мәселелер енгізілген. Форумның бірінші күнінде ал­дыңғы қатарлы әлемдік сарапшылар және денсаулық сақтауды басқару саласындағы АҚШ, Еуропа, Оң­түстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінің ха­лықаралық ұйымдарының өкіл­дері, сондай-ақ отандық мамандар сөз сөйлеп, екінші күні стратегиялық жоспарлау, медициналық қызмет­тер­дің сапасы, ақпараттық техно­ло­гиялар, корпоративтік басқару, бизнес-үдерістерді оңтайландыру және қаржы менеджменті секция­лары бойынша ауруханалық басқару саласындағы қазақстандық және шетелдік дәріскерлердің қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді. Форумда маңызды спикерлер ре­тінде Халықаралық бірлескен комис­сиясының (Joіn Comіssіon Іnter­na­tіonal) Еуропа аймағы бойынша басқарушы директоры доктор Карло Рампони (Франция), профессор, Оклахома университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ха­лық­аралық денсаулық сақтау ф­а­куль­тетінің деканы, доктор Аль-Асаф (АҚШ), Таяу Шығыс және Африка аймағындағы “Интернешнл-SOS”, “Occupatіonal Health and Kazakhstan” компаниясының медициналық ди­ректоры доктор Бо Диис (БАӘ) сияқты денсаулық сақтау саласын­дағы беделді сарапшылар болды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.