14 Қыркүйек, 2010

“Тобыл” дес берер емес

421 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен аптада Қазақстан ұлттық құрама­сының Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысқанына байланысты жарияланған үзілістен кейін футболдан ел чемпионатының кезекті туры қайта жалғасты. Биылғы маусымның бірінші жартысынан кейін чемпиондық атаққа үміті бар деген алты команда бір топқа, ал төменгі орындарға орналасқан командалар екінші топқа ауысып, матчтар өткізді. Сөйтіп, бірінші топқа енген командалар арасындағы ойындар мынадай нәтижемен аяқталды. “Локомотив” (Астана) – “Ақтөбе” 2:2. Бұл матч аса тартысты өтті. Астананың жаңа ста­дио­нының жасыл алаңына шыққан командалар ой­ынның соңына дейін бір-біріне дес бермей өнер көр­сетті. Кездесуде бірінші болып есепті ақтөбеліктер аш­ты. Ойынның 25 минөтінде Мұрат Тілешов гол соқ­са, араға бір минөт салып Остапенко есепті теңес­тірді. Ал матчтың екінші жартысында астаналықтар сапында Қайрат Нұрдәулетов допты нысанаға дәл тигізсе, қонақтарды жеңілістен Эмиль Кенжесариев құтқарып қалды. Осы турда “Атырау” мен “Шахтер” (Қарағанды) арасындағы ойын да өзінше тартысты да қызықты өтті. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Онда атырау­лық­тар сапында Әлиев 11 метрлік айып добын ор­ын­даса, қарағандылық Тәттібаев ойынның аяқталуы­на 10 минөт қалғанда есепті теңестірді. Қостанайдың “Тобыл” командасы керекулік “Ертіс” клубын қабылдап, 4:0 есебімен ұтты. Бұл кездесуде Нұрбол Жұмасқалиев ойынның 38 және 47 минөттерінде екі доп соқса, одан кейін Бакаев 82 және 90 минөтте дубль жасады. Сөйтіп, қоста­най­лықтар аса маңызды үш ұпайды иеленіп, турнир кес­те­сінде өзінің өкшесін басып келе жатқан “Ертістен” 10 ұпай айырмашылығымен озып кетті. Ал турнир кестесіндегі 7 – 12 орындарда орна­лас­қан командалар арасындағы ойындар мынадай нә­ти­жемен аяқталды. “Жетісу” – “Ордабасы” 0:2, “Оқ­жетпес” – “Тараз” 0:0, “Ақжайық” – “Қайрат” 2:0.