15 Қыркүйек, 2010

Облыста картоп жинау жұмысы басталды.

632 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жаңбырсыз жаз, картоп, баға... Көктен тамшы тамыз­баған жаңбырсыз жаз Қостанай өңіріндегі кар­топ шығымына да әсерін ти­гізбей қоймады. Асқа көп пай­далануына байланысты халық­тың өзі “екінші нан” деп атап кет­кен бұл азықтың шы­ғымы да, өнімі де өңірде біркелкі емес. “Иволга-Холдинг” жауап­кершілігі шектеулі серік­тестігінің агрономы Алек­сандр Елкин картоптың гек­тарына айна­лымы 300 цент­­нерден келіп жатқа­нын айтып желпі­ніп қойды. Ол қуаңшылық жылы мұн­дай табысқа таң­дану­дың қажеті жоқ­­­­тығын айт­ты. Себебі, шаруа­шы­лық озық тех­нологияны пайда­лан­ғалы да біршама жыл болды. Оның үстіне картоп еккен алқап Тобыл өзенінің таба­нында жатыр, тамыр ылғалдан тапшы болған жоқ. Герма­ния­дан алдырған озық тех­ника өнімділік ке­­пілі бо­лып отыр. Бүгінде қоста­найлықтардың бар­лығы да алқапқа шыққан дер­сің, картоп жинау нау­қаны ивол­га­лық шаруашы­лық­тарда қызып тұр. Негізі картоп облыстың басқа өңіріне қа­рағанда Қоста­най ауда­нында көп егіледі. Мұн­дағы “Ақ­құдық”, “Сад­чи­ков” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігі мен “Терра” ша­­руа­шылық қожалықтары әр гек­тардан 150 центнерден кар­топ жи­нады. Суармалы жер­дегі алқап­тарда осындай мол табысқа қол жеткі­зілді. Об­лыс­та ірі шаруашы­лықтар, шаруа қожалықтары, жеке сек­тордағы, яғни тұрғын­дар­дың бақша­лары мен саяжай­ларының барлы­ғын қосып есептегенде 9850 гектар жерге кар­топ егілген. Алайда техни­касы, суы бар ірі шаруашы­лық қана алқапты жаздай судан тап­шы еткен жоқ. Ал шағын қожа­лықтар мен тұрғындар суды тек көктен тіледі. Қыр­күйек молшы­лығын жасап жат­қан да суармалы жердің кар­тобы. Алайда жауапкер­ші­­лігі шектеулі се­ріктестіктердің картоп алқабы бар­лық кө­лемнің он пайы­зы­на да жет­пейді, яғни 648 гектар ғана. Оның есесіне жеке сек­тордағы картоп алқабының кө­лемі 7800 гектардан асады. Қалған алқап шаруа қожа­лық­тарының еншісінде. Жаздай арқасын күнге күй­діріп, бақша­дан шықпай, кар­топтың шө­бін жұлып, қо­ңызын тазалағанмен тұрғын­дар биыл өнімді өткен жыл­ғыдан бірнеше есе аз жинады. – Өткен жылы алты қап алған жерден биыл үш қапқа жетер-жетпес картоп қазып алдым. Был­тыр үш қап алсақ та картобымыз ірі болған еді, биылғы жинағаны­мыз бұршақ се­кілді, – дейді Са­рыкөл ауда­нындағы Лес­­­ной ауылы­ның тұрғыны Бөлтірік Медебаев. – Күтімі кем болған жоқ, бірақ ылғал тап­шы жылы бұл дақыл дұрыс өнбейді. Бір Бөлтірік емес, бақша ұста­ған­дардың көп­шілігінің айтары осы. Ал саяжайлар суа­рылған­дықтан қа­лалықтардың жинаған өнімі жа­ман емес. Күтімі келіскен саяжайдың берекесі бар. Облыстық ауыл шаруашы­лығы бас­қарма­сы­ның маманы Наталья Фе­дорованың ай­туынша, облыста орта есеппен 140-150 мың тонна кар­топ жи­налуға тиіс. Ал облыс тұр­ғын­да­рының жыл бойғы азық­тық картопқа сұранымы 65-66 мың тонна болады. Қазір тұрғын­дар­ды картоп түсімімен қатар оның баға­сы да ойландырады. Әзірге Қоста­най базар­ларында оның килосы 70-75 теңге. Тіп­ті картоп еге­тін шаруа­шылық­тар көтерме базар­ларда өнім­нің килосын 50-60 тең­геден сатып жа­тыр. Қанша қуаң­шы­лық болға­ны­мен де жеткілікті картоп жинал­ған­дықтан оның бағасы қыс айларында шарық­тамауға тиіс деген үміт те жоқ емес. Бірақ нарық­тың өз заңы бар, баға да соған ба­ғынады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.