17 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң №574

477 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
06.09.2010 ж. Негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өндеу бойынша технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ ағымды мелиорацияны жүргізу және жас шабақатарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтаманың, балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 қаулысымен бекiтiлген Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы, БҰЙЫРАМЫН: 1. Келесі: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес негізгі құралдар, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу бойынша технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ ағымды мелиорацияны жүргізу және шабақтарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтама нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр м.а. Е. Аман. __________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2010 жылғы «06»қыркүйек №574 бұйрығына 1-қосымша Нысан Негізгі құралдардың, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өндеу бойынша технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың, сондай-ақ ағымды мелиорацияны жүргізу және жас шабақатарды құтқару үшін техникалық құралдардың болуы туралы анықтама
Атауы Өлшем бірлігі Саны
1 2 3 4
1. Балық аулау өнiмiн мұздату, салқындату және сақтауға арналған ыдыстар тонна
2. Балық пен басқа да су жануарларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтар тонна/тәулiк
3. Балық аулайтын флот, оның iшiнде:
1) өздiгiнен жүретiн (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары бірлік
2 шағын көлемдi, оның iшiнде өздiгiнен жүрмейтiн, аспалы қозғалтқышы бар бiрлік
4. Аулау құралдар, оның iшiнде:
1) сүзекi дана
2) құрма ау, қабада дана
5. Көлiктiк флот бiрлік/тонна
6. Басқа (көрсету)
Конкурстық құжаттамамен таныстым. Осы анықтамадағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Толтырылған күні____________       Өтініш беруші _______________________________________ (Т.А.Ә. немесе үйымның атауы) МӨ (Болған жағдайда) қолы ______________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2010 жылғы «06» қыркүйек №574 бұйрығына 2-қосымша Нысан Балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құралдардың болуы туралы анықтаманың
Атауы Өлшем бірлігі Саны
1 2 3 4
1. Балық аулайтын флот бірлік
2. Аулау құралдар, оның iшiнде:
1) сүзекi дана
2) құрма ау, қабада дана
3. Көлiктiк флот бiрлік/тонна
4. Материалдық-техникалық база бірлік/дана
5. Басқа (көрсету)
Конкурстық құжаттамамен таныстым. Осы анықтамадағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын. Толтырылған күні____________       Өтініш беруші _______________________________________ (Т.А.Ә. немесе үйымның атауы) МӨ (Болған жағдайда) қолы ______________