17 Қыркүйек, 2010

Бас прокурорлар бас қосты

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15 қыркүйекте Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достасты­ғына қатысушы мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Ресей Федерациясының бас про­куроры Юрий Чайканың төр­ағалық етуімен болған отырыс жұ­мысына Әзір­бай­жанның, Армения­ның, Белоруссия­ның, Қазақстан­ның, Қырғызстанның, Молдова­ның, Тәжік­станның және Ук­ра­и­наның бас прокурорлары және бас прокурор­лардың орынбасарлары қа­тыс­­ты. Қазақстандық делегацияға Қазақ­стан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Мәми басшы­лық жасады. Отырыс барысында терроризмге және экстремизмге, есірткінің заң­сыз айналымына, адам саудасына қарсы күрес, заңсыз көші-қонға қар­сы әрекет ету мәселелері тал­қыланды. Сондай-ақ, мәскеулік отырыс шең­берінде Ресей, Қазақстан және Бела­русь бас прокурорларының үшжақты кездесуі болды. Кеден одағы шеңб­ерін­дегі сыртқы эконо­микалық қызметті жүзеге асырудың жаңа жағдайларында туындаған қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етуді бірлесіп күшейтуді үй­лестіру мақ­сатында тараптар Кеден одағына мүше мемлекеттер Бас проку­рор­ларының үйлестіру кеңесін құру туралы шарт жасасты. Осы органды құру бойынша жұмыс тобы құ­рылды. “Егемен-ақпарат”.