18 Қыркүйек, 2010

Атақты велошабандоздар — Астанада

1457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше елімізге “Самұрық-Қа­зына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ пен Қазақстан Велоспорты фе­дерациясының шақыруымен спорт­тың осы түрінен бірнеше мәрте рекордтар жасаған, көп күнге созылатын үш ірі жарыста 11 рет жеңіске жеткен Эдди Меркс, “Тур де Франс” бәйгесінің үш дүркін, “Джиро д Италия”, “Вуэльта Испания” жарыс­та­рының жеңім­пазы Альберто Кон­тадор мен отан­­дасымыз, көпте­ген турлар­дың, соның ішінде “Ву­­эль­та Ис­па­ния” бәсекесінің же­ңім­пазы Алек­сандр Винокуров келді. Осы күні “Самұрық-Қазына” қорының басшылығы атақты спорт­шылармен кездесу өткізіп, “Ас­тана” командасы мен Ве­ло­спорт федера­ция­сының атқарып жатқан жұмыс­тары туралы мәлімет беріп, мей­мандардың спорттағы же­тістіктері мен алдағы жоспарла­ры жөнінде ой бөлісуіне жағдай жасады. Кездесуде қор басшысы Қайрат Келімбетов алдымен “Астана” ко­мандасының биылғы “Тур де Франс” жарысындағы табысы спорт­шылар, менеджерлер мен де­меушілердің арқасында қол жеткен жетістік екенін, команданың жо­ғары спорт­тық жетістікке жетуінде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың да қолтаңбасы жатқанын айтып, қазір “Астана” ве­локомандасының тек спорт әлемінде ғана емес, елімізді, ел астанасын дүние жүзіне та­ныс­тыру мақсатында да үлкен рөл ат­қарып келе жатқанын, оның халық­аралық команда болған­дықтан, алдағы кезде де белгілі велоспорт­шыларды шақырып, солар арқылы тәжірибе жинайтын жас­тарымызды тәрбиелеуді жалғастыра беретіндерін атап өтті. – “Астана” велокомандасы спорттық жоба емес, ол – мемле­­кеттік деңгейдегі маңызды іс. Ол елімізде спорттың осы түрін дамыту, халық арасында саламатты өмір сал­тын қалыптастыру бойынша стра­тегиялық мақсатқа ие, – деді ол. Осыдан кейін “Тур де Франс­тың” үш дүркін чемпионы, “Аста­на” командасының сапында екі рет жарысқа қатысқан Альберто Кон­тадор отандастарымыздың қонақ­жай­лылығына, еліміздің команда­сының жейдесін киіп, бәйгелерде бақ сынасуына мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. Ал Александр Ви­нокуров келер жылға жоспарла­­­рын айта келіп, “Астана” коман­дасына “Тур де Франс” көпкүндік бәй­ге­сінде командалық есепте алғашқы орын алуға көмектесетінін мәлім­деді. Осыған орай ол: “Біз жеке тұрғыда тағы да жоғары сатыға шығамыз деп ойлаймын. Қазіргі күні Шлек пен Контадор секілді екі ең ірі велошабандоз бар. Бірақ, оларды да жеңуге болады”, деді. Кездесуден кейін спортшылар Астанадағы Балалар үйінде болып, оларға “Самұрық-Қазына” қоры сыйлаған микроавтобустың кілтін тапсырды. Осы жерде Александр Винокуров балаларға кілт табыс ете отырып, “Мықты, күшті және өмір­де жетістіктерге жетемін десеңіздер, спортпен айналысыңыздар”, деген тілегін жеткізді. Дастан КЕНЖАЛИН, Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.