18 Қыркүйек, 2010

Іскерлік байланыстар бекемделуде

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше қазақ-иордан іскерлік кеңесінің төртінші мәжілісі болып өтті. Оған қатысқан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өз сөзінде соңғы кездері екі ел арасындағы іскерлік байланыстардың нығайып келе жатқандығын атап көрсете келе Қазақстан мен Иордания арасындағы өзара сауда-саттықтың көлемін ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңызы зор екендігіне тоқталды. “Біз осы саладағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыра аламыз, бірігіп астық өсіруге болады. Екі ел арасында фармацевтика саласындағы ынтымақтастықтың да келешегінен зор үміт күтеміз” деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов. Қазақстан Үкіметі басшысының айтуы бойынша, Қазақстаннан Түркіменстанға, одан әрі Иранға салынып жатқан темір жолдың құрылысы аяқталған кезде Қазақстан мен Иордания арасындағы  сауда-экономикалық байланыстар деңгейі әлдеқайда жақсара түсуге тиіс. Екі ел кәсіпкерлері осындай жағдайға қазірден бастап дайындалып, өзара іскерлік байланыстарын арттыра беруі керек. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.