21 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №588

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.08.2010ж. Астана қ. Тамақ өнімін қайта өндеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 5) тармақшасына және 145-бабының 1), 2), 3), 6), 10), 18), 24), 27), 28), 32) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған «Тамақ өнімін қайта өндеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы  Б. Садықов. ТОЛЫҚ МӘТІН 588 Денсаулық