21 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №594

620 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
03.08.2010 ж. Астана қ. «Техникалық,  кәсіптік және жоғары білім беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқытуды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1 тармақтың 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 3), 8), 14), 17), 19), 28) тармақшаларына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Техникалық,  кәсіптік  және жоғары білім беру оқу орындарын күтіп-ұстауға, пайдалануға және оқытуды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті  осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Бастапқы, орта және жоғары кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру шарттары мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 866 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда № 175 (799) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы  Б. Садықов «Келісілген» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы М. Н. Сарыбеков «Келісілген» Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуалдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының міндетін атқарушы  Н. П. Тихонюк ТОЛЫҚ МӘТІН 594 Денсаулық