21 Қыркүйек, 2010

Реформалар барысы талқыланды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен құқық қорғау саласын реформалау жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Сол сияқты Үкімет басшысы осы күні әкімшілік реформа және министрліктер мен ведомстволар жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша де кеңес өткізді. * * * Ықпалдастық ахуалы сөз болды Кеше түстен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  Абу-Даби  әмірлігі Сауда-экономикалық палатасының президенті Мухаммад Сани Муршид әл-Рамейсимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық қызметтестікті одан әрі дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы өзара байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.