21 Қыркүйек, 2010

Сарыбайлықтар мерейі

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дінің тұрсын дін аман, деген ата-баба өсиетіне адалдық таныт­қан­дықтан жер-жерде көк күмбезді ай­шық­ты мешіттер ашу жалғасын тау­ып келеді. Сарыбай би ауылында осын­дай мерей жал­ға­сын тауып, жаңа мешіттің ашылу сал­танаты өтті. Кезінде жыр сүлейі Сүйінбай “Көсемім – Сарыбайым ел сый­лаған, Заманның дөңгелегін тең бұ­раған” деп Жетісу жерін қоқан­дық­тардан қорғап, бірлік пен ынты­мақ­ты нұсқаған батыр, әрі биге өз бағасын осылай беріпті. Сон­дықтанда имандылық отауының ашылуына жиналғандар қатары көп болды. Көпшілік алдында аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, жазушы Нағашыбек Қапалбеков, ақсақалдар алқасының төрағасы Бәкіжан Жарқынбаев сөйлеп, халқымыздың имандылыққа бет бұрып, діні мен ділін сақтаудағы мешіттің алатын маңызы жайлы тарқата сөйледі. Көк күмбезді мешіттің құры­лы­сын өз қаржысына салдырып, ауыл­дастарының игілігіне ұсынған марқұм Арол Күрішбековтің зайы­бы Райгүл мен ұлы Жандосқа жи­нал­ғандар алғысын жеткізді. Аудан­дық мешіттің бас имамы  Әсет Аташев  бабалар әруағына құран бағыштады. Алла үйінің ашылу салтана­тын­да “Құлансаз” халықтық фольклор­лық-этнографиялық ән-би ан­самблі “Қарасай” күйін, Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген әртісі Ұл­жан Айнақұлова, тағы басқа өнер­паздар ән мен жырдан шашу шашты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.