21 Қыркүйек, 2010

Тілге құрмет – елге құрмет

841 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Көп жылдардан бергі тынымсыз еңбек пен өз-өзімізді қамшылаудың арқасында қазір өзге ұлт өкілдерінің біразы қазақша сөйлетін болды, сөйлей алмаса да түсінетін деңгейге жетті. Тіпті балаларын қазақша балабақша мен мектептерге беріп жатқан ата-аналардың да қатары көбейіп келе жатқаны, шынымен де қуантатыны рас. Мемлекет тарапынан көрсетіл­ген дұрыс бағыт-бағдар мен нақты қадағалаудың арқасында бүгінгі таңда қазақ тілінің шылбыры кә­дімгідей ұзарды. Мемлекеттік тілге қатысты көптеген республикалық деңгейдегі жарыстардың жаппай өткізілуі де өзге ұлт өкілдерінің қа­зақ тіліне деген қызығушы­лық­тарын, елге деген құрметтерін көрсете бастады. Елімізде тұратын барлық эт­нос­тардың тілдерін құрметтей отырып, оларға жан-жақты жағдай жасалғаны белгілі. Сондай-ақ “Үш тілдің бірлігі” атты мәдени жо­ба­ның да жүзеге асып жатқаны  тіл бағдарламасының белсенді жалғасып жатқандығының куә­сін­дей. Мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуда, оның қолданыс аясын кеңейтуде және дамытуда  “Нұр Отан” ХДП ерекше ынта таны­тып, тіл саясаты саласында қау­қар­лы жұмыстар атқарып келе жатқанын да айтып өтсек дейміз. Осыдан біраз уақыт бұрын “Нұр Отан” ХДП-ның ұйытқы бо­луымен “Тілге құрмет – елге құрмет” атты республикалық бай­қау ұйымдастырылған болатын. Мінеки, сол байқаудың қорытын­ды­сы белгілі болып, кеше “Нұр Отан” ХДП-ның Орталық аппа­ра­тында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау мемлекеттік тілді дамы­туға арналған үздік мақала, теле-радиохабарлар мен жобалар, мем­лекеттік тілдегі үздік интернет жо­ба­лар, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдауға үлес қосқан үздік шара­лар, ұйымдар сынды бірнеше ата­лымдар бойынша жүзеге асырыл­ды. Еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам өтініш келіп түссе, со­лардың 20-ға жуығы “Нұр Отан” ХДП-ның мақтау қағазы мен сыйақысына ие болды. Марапаттау рәсімінде жеңім­паз­дарды құттықтай келіп, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: “Өздеріңіз жақсы білесіздер, мемлекетіміз үшін де, халқымыз үшін де тіл мәселесі әрқашан да қа­дірлі, әрқашан да қастерлі. Сол үшін де Елбасымыз, партия­мыз­дың Төрағасы Нұрсұлтан На­зар­баев көпұлтты Қазақстанымызда тілге ерекше көңіл бөліп келеді. Президентіміздің тікелей тап­сыр­масымен атқарылған маңызды жұмыстардың арқасында бүгінгі күні әрбір ұлт өз тілін, мәдениетін да­мытып қана қоймай, мемле­кет­тік тіл – қазақ тілінің айнала­сын­да топтасуға, бірігуге қадам жасап отыр. Бұл – біздің тәуелсіз мем­ле­кетіміз үшін үлкен жетістік”, – деді. Өз кезегінде байқауға қатысу­шылар осындай игілікті шараға ұйытқы болып отырған билеуші партияға деген ыстық ықылас­тарын білдірді. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.