22 Қыркүйек, 2010

“Қаражорға” қайта оралды

796 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақ гуманитарлық заң университетінде “Билейік бірге, “Қаражорға” атты ұлттық, патриоттық акция өтті.  Оған үш мыңнан астам студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ, мектеп оқушылары қатысты. Біраз уақыт көзден таса болған “Қа­ражорғаның” тарихы тым тереңде жатыр. Қазақ жерінде күні кешеге дейін насихат­талма­ғанымен, Қытай еліне бұл би жақсы танымал.  Қай заман екені бел­гісіз, бір байдың бәйгеде ешкімге жүлде ұстатпайтын тайпалаған керемет қаражорға аты болыпты. Күн­дердің күнінде байдың жалғыз қызына біреу құда түсіп келеді. Сонда қыз әкесіне: “Әке, қалың­ма­лымның өтеуі болсын, маған қаражорғаны бер”, — дейді қиылып. Жорғасын берейін десе, қимайды. Бермейін десе, жал­ғыз қызы. Ақы­рын­да бай ойлана келе, қаражор­ғаны қызының қалың­м­а­лы­ның өтеуіне бермек болады. Қызы кетіп бара жатқанда бай былай депті: “Қызым, қаражорғаны бір тай­па­латып жор­ғалатшы. Жат жұртқа әкетіп барасың ғой, бір көріп қалайын”. Сөйтіп, қаражорғаны ноқ­талы ұзын арқанымен бос қоя береді. Сол кезде қаражорға су тө­гілмес жорғасына сала жөне­ле­ді. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан тол­қынданып, атпен бірге жор­ғалап бара жатқандай әсер қал­дырады. Осыны көрген бір күй­ші “Қаражорға” деген күй шы­ғарыпты деседі... Тілдер мерекесіне орай, арнайы ұйымдастырған бұл акцияның мақсаты – “Қаражорға” биі ар­қы­лы “Біз қазақша сөйлейміз, Қара­жорға билейміз!” деген ұран­мен ұлтық рухты жаңғыртып, патриот­тық сезімді ояту.  Бұл күні Қазақ гумани­тарлық заң уни­верситетінің бас ғимараты алдына үш мыңнан астам студенттер мен оқытушылар, соны­мен қоса, арнайы шақырылған ме­ктеп оқу­шы­лары жиналып, үлкен-кіші демей, бір ырғақпен “Қара-жорға” биін биледі. Осын­шама студентті бір уақытта жинап, би-леуге жұмылдырған акция идея­сының авторы Қазақ гума-ни-тарлық заң университетінің рек­торы, заң ғылымдарының док-торы Мақсұт Нәрікбаев екен. Қазақ халқының ұлттық құн­дылықтарының бірі саналатын “Қаражорға” биі жайлы Мақсұт Сұлтанұлы: “Біз бүгінде қазақ же-рінде, тәуелсіз Қазақстан мем­ле-кетінде күн кешіп, алға жылжу үстіндеміз. Осыған сәйкес, әрбір қазақстандықтың жүрегінде патриоттық сезім болуы керек. Бірақ, біз өзіміздің ұлттық тіліміз бен ұлттық дәстүрімізді ұмыт қалдырған жайымыз бар. Соның бірі – бүгінгі “Қаражорға” биі. Біз той-думандар мен жиындарда ұлттық биіміз “Қаражорғаны” билесек, нұр үстіне нұр болар еді. “Қаражорға” биін бүкіл халыққа жеткізу – өз қолымызда. Сол себеп­ті бүкіл Қазақстанның рек-тор­ларына ұран тастағалы отыр­мын. Университетіміздің дәстүрі бойынша күнделікті   сабағымыз­ды таңертеңгі тоғызда әнұра-ны­мыз­бен бастасақ, алдағы уақытта ол уақыттан ерте келіп, 15-20 минөт “Қаражорға” биімен баста­ғанды жөн көріп отырмыз”, – деді. Қытайлық қандастарымыздың арқасында “Қаражорға” биін бір мезетте 13 288 адам билеп,  Гин­нес­тің рекордтар кітабына еніп, қазақ биін әлемге паш етті. Ендеше,  2011 жылы Астана мен Ал­матыда өтетін Қысқы Азия ойындарының ашылу салта­на­тында “Қаражорға” биін билесек, ұлттық құндылы­ғы­мыз­ды өзге-лерге көрсетудің таптырмас мүм-кін­дігі болар еді. Жұлдыз БАЙДІЛДА, ЕҰУ студенті.