22 Қыркүйек, 2010

Ынтымақтастық форумының келісімдерін жүзеге асыру жайы

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесуі кезінде қарастырылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің VІІ Өңіраралық ынтымақтастық форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы, атап айтқанда, екі елдің жоғары технология, ғылым мен білім, транзит-көлік әлеуеті салаларындағы өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері жөнінде сөз болды. Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылады.