22 Қыркүйек, 2010

Елбасы қабылдады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбі­қаевты қабылдады, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Н.Әбіқаев Президентті Коми­тет­тің ағымдағы қызметі мен ал­да­ғы кезеңге арналған жұ­мыс­та­рының басым бағыттары туралы хабардар етті. Кездесу барысында сондай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйе­сін одан әрі жетілдіру, азаматтар­дың құқықтарын қорғауды қам­тамасыз ету жөніндегі іс-шаралар  туралы сөз болды. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен кү­рес агенттігінің төрағасы Қай­рат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің бас­пасөз қызметі. Қ.Қожамжаров Президентті Агенттіктің ағымдағы жылғы 8 ай­дағы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті. Кездесу кезінде сондай-ақ “Қа­зақстан Республикасында құ­қық қорғау қызметі мен сот жүйе­сінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Президенттің Жарлығы аясында қаржы поли­циясы органдарын­дағы реформа барысы туралы сөз болды. – Мемлекет басшысы қаржы по­лициясы органдарына өздерінің күн сайынғы қызметінде сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі эко­номикамен күресті күшейтуді тап­сырды, – деді журналистерге ар­нал­ған брифингте Қайрат Қожамжаров.