22 Қыркүйек, 2010

Малдәрігерлік шараларға жоғары маңыз

441 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Еуропа бойынша Халықаралық эпизоотикалық бюроның аймақтық комиссиясының 24-інші конференциясы өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын халықаралық жиынның ашылуына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысты. Халықаралық конференция жұмысына Еуропа, ТМД, Балтық жағалауы елдері мен 22 халықаралық ұйым өкілдері, сонымен қатар, ветеринарияның саласында қызмет ететін отандық мамандар қатысуда. Форумның ашылуында сөз сөйлеп, жиынға қатысушылар жұмысына сәттілік тілеген Үкімет басшысы К.Мәсімов бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының ішкі жал­пы өніміндегі мал шаруашылығы өнімдері үлесінің 43 пайызды құ­райтындығын, сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің еліміз­дің ішкі сұранысын белгілі бір дә­режеде қамтамасыз етіп отырған­ды­ғын айтты. Сондай-ақ ол Қазақ­станның табиғи-климаттық жағ­дайы мен ауқымды табиғи жайы­лым­дық жерінің болуы саланы әрі қарай дамытуға жағдай жасап, эко­ло­гиялық таза мал өнімдерінің бар­лық түрлерін өндіруге жол аша­тындығын да назардан тыс қал­дырмады. ХЭБ президенті К.Кореа жиын­ның басты мақсаты әлемде жоғары деңгейде ветеринарлық қызметті қамтамасыз ету болып табылатын­дығын айта келе, Қазақстан мем­лекеті басшыларының қолдауымен ұйымдастырылып отырған ХЭБ-тің аймақтық 24-інші конференция­сы­ның аса маңызды мәселелерді қам­тып отырғанын тілге тиек етті. Со­нымен қатар, ұйым төрағасы ХЭБ-тің стратегиялық жоспарына тоқ­та­ла келе, мұнда негізінен ветери­нар­лық қызметтерді күшейтудің жа­һандық жоспары қамтылғанын да айтты. Еліміз Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен және Халықаралық эпизоотикалық бю­ро­ның қамқорлығымен бұл басқосу Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдас­тырылып отыр. Қазақстан бюроға 1995 жылдан бері мүше. Елімізде ұйымдастырылып отырған кон­ференция жұмысы негізінен атал­мыш халықаралық ұйымға қаты­сушы мемлекеттер арасында вете­ринарлық қызмет бойынша ұста­нымдарды күшейту, шекаралық ветеринарлық бақылаудың тиімділі­гін арттыру, жануарлардың айрық­ша қауіпті аурулары байқалған жағдайда алдын алу шаралар мен ескерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ тиісті іс-шаралар қа­былдау жөнінен ынтымақтастықты арттыру мақсаттарын көздейді. Осы мақсатта Халықаралық эпизоотика­лық бюро комиссиясының Сани­тарлық кодексінің жаңартылған нұсқасы да талқыланды. Бұл құжат­та жануарлар саулығын қорғау, трансшекаралық ауру негіздері бойынша эпизоотикалық жағдайды сараптау шаралары қамтылған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.