22 Қыркүйек, 2010

Өзара іс-қимыл нәтижелі болсын

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас прокуратура алқасының кезекті ке­ңейтілген отырысы болып өтті. Онда кәсіп­керлердің лицензияланған қызмет аясындағы құқықтарын қорғауды, сондай-ақ  жедел із­дестіру іс-шараларын жүргізген кезде азамат­тардың конституциялық құқықтарын қор­ғауды күшейту мәселелері қаралды. Тергеу және өзге де әрекеттерді жүзеге асырған кезде құпия және қызметтік ақпараттарды қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Алқа жұмысына Жоғарғы Соттың және құ­қық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Талқылау нәтижелері бойынша құқық қор­ғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижелілігін арттыру, күштерін үйлестіру, шағын және орта бизнес өкілдерінің құ­қық­тары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған прокурорлық қадағалау мен ве­домстволық бақылаудың рөлін арттыру жө­нінде бірқатар ұсыныстар енгізілді және ша­ралар пысықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.