24 Қыркүйек, 2010

Сақшылар сақадай сай

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қалалық ішкі істер де­партаментінде 2010 жылдың 8 айы қорытындысы бойынша қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қаты­суымен жиын өткізілді. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 1-2 желтоқсанында ЕҚЫҰ-ға қатыса­тын елдер басшылары мен үкіме­тінің саммитін, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу қарсаңында Астана қалалық ішкі істер депар­таменті қылмыскерлікпен күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамта­­масыз ету бойынша шаралар қол­да­­ну туралы мәселелер талқыланды. ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін саммитіне 50-ден астам елдің бас­шы­лары мен үкімет басшылары, 12 се­ріктес ел мен 55 халықаралық ұй­ым және 700-ден астам БАҚ өкіл­де­рі, 500 үкіметтік емес ұйым, ЕҚЫҰ хатшылығының 110 қызметкері ке­ле­ді деп жоспарлануда. Келушілердің жалпы саны 5 мыңнан астам болады. Астана қалалық ішкі істер де­партаментінің бастығы, полиция ге­нерал-майоры Марат Демеуов қа­ла әкіміне ЕҚЫҰ саммитіне қо­ғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша елордалық сақшы­лар­дың сақадай сай екенін жеткізді. Қазіргі таңда Астана қаласының ІІД қылмыспен күрес, құқық бұ­зушылықтың алдын алу және қо­ғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бой­ынша жедел-алдын алу ша­ра­ла­рын жүргізу қолға алынып отыр. Кү­ні­не шаһар көшелеріне мыңнан ас­там қызметкер шығып, елдің ты­ныш­­тығын күзетеді. Қазірден бас­тап қаладағы базарлар, ойын-сауық ошақтары, құрылыс алаңдары тек­се­ріліп жатыр. Жиын соңында қала әкімі ел­ор­далық сақшыларға сенім білдіріп, атқарып отырған жұмыстарына жақ­сы деген баға берді. “Егемен-ақпарат”.