24 Қыркүйек, 2010

Қыран құстар құтқарылды

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында тілшілер қосынына Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Дулат Нұрсолтанов хабарласып, қыран құстарға қырғидай тиген Араб, Сирия елдерінің төрт, Қазақстанның үш азаматы ұсталғанын хабарлады. Олар Күршім ауданында заңсыз құс аулаумен айналысқан екен. Ителгі мен саджа – қызыл кітапқа енген қырандар. Олар азайып барады, демек, қорғауды қажет етеді. Шетел және өзіміздің адамдар оңай олжаға кенелмек ниетпен 7 ителгі және 12 саджаны көлікке  жасырып, шекарадан өтіп кетпекші болғанда тұтылыпты. Енді заңсыз құс аулаушыларға қарсы қылмыстық іс қозғалмақшы. Өкінішке қарай, ителгінің бірнешеуі өліп қалған. Ал қалғандары емдеп болған соң бостандыққа жіберілмекші. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.