24 Қыркүйек, 2010

Қайырымдылық акциясына қатысты

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуырда Алматы облысы Қап­ша­ғай қаласы Заречный ауылын­дағы №12 орта мектепте “Мектепке жол” республикалық қайырымды­лық акциясы өткізілді. Акция аз қам­тылған, көп балалы , жетім ба­лалар және де ата-аналарының қам­­қорлығынан айырылған оқу­шы­ларға қолдау көрсету мақсатында өт­­кізілді. Оған мемлекеттік меке­ме­лер, жеке кәсіпкерлер, акционерлік қоғамдар белсене қатысты. Соның ішінде біз­дің ЛА-155/12 мекеме­сі­нің қызмет­­керлері де бар. Аталмыш білім ұя­сының 8 сынып оқушысы Мұқағали Әбілқасымов пен 4 сы­нып оқушысы Сәуле Байдаироваға мектеп форма­лары мен оқуға қажет құралдар тапсырдық. Бұл акция пат­риотизм мен рухани-адамгер­ші­лік, зерде мәдениетіне арналған. Со­нымен қатар, шара оқушы­лар­дың жан-жақты қызығушылығын, қабілетін, саламатты өмір салтын арт­тыру, қалыптастыру мақсатында жү­зеге асырылғанын айта кетке­німіз жөн. Ж.ЖАПАШЕВА, әділет лейтенанты. Алматы облысы.