24 Қыркүйек, 2010

Елбасы қабылдады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ө.Шөкеев Президентті Қазақ­станның үкіметтік делегациясының АҚШ-қа сапарының қорытынды­лары туралы хабардар етті. Онда Қазақстанның БСҰ-ға кіруі туралы мәселе бойынша келіссөздер жүр­гізілген. – Келіссөздер үш бағытта: тауар­лар тобы, қызмет саудасы жөнінде және жүйелік мәселелер бойынша жүргізілуде. Тауарлар саудасы жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын – тек техникалық жұмыстар қалды. Қызмет саудасы жөнінде – біз бүгінгі күні қалып­тасқан бірнеше проблемалық мәсе­лелерді шешудің жолдарын белгі­ледік. Ал жүйелік мәселелерге қа­тысты айтсақ, біз үшін ең маңызды мәселе –  қазақстандықтарды қам­ту екіжақты келіссөздер аясынан шығарылып, көп жақты форматқа ауыстырылды. Бұл біз үшін ірі жетістік болып табылады, – деді жур­налистерге арналған брифингте Ө.Шөкеев. Кездесу барысында сондай-ақ азық-түліктің ішкі рыногында тұрақтылықты сақтау жөніндегі іс-шаралар туралы сөз болды. Біз жыл бойына азық-түліктің негізгі түрлері бойынша бағаның тұрақты болуы үшін бірқатар қосымша шараларды әзірледік. Бұл шаралар Мемлекет басшысынан қолдау тапты, – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.