24 Қыркүйек, 2010

Жаңа басшыны таныстырды

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жар­лы­ғымен Білім және ғылым ми­нистрі бол­ған Жансейіт Түйме­баев­тың ор­нына бұған дейін Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің ректоры қызметін атқарып келген Бақытжан Жұмағұлов тағайындалды. Сәрсенбінің сәтінде Премьер-Ми­нис­тр Кәрім Мәсімов министр­ліктің ұжы­мына оның жаңа бас­шысын таныстырып, Ж.Түйме­баевқа жұ­мысын лайықты атқарғаны үшін алғыс білдірді. Кездесуде алдымен сөз алған Жансейіт Түймебаев осы қызметте Елбасының сенімінен шығып, берілген тапсырмалар мен жүк­тел­ген міндеттерді орындауда барлық күш-жігерін салғанын айтып, Мемлекет басшысына министрлік қыз­метін сеніп тапсырғаны үшін ал­ғысын жеткізді. Содан кейін Бақытжан Жұмағұлов сөз алып, жаңа жұмыста алдына қойылған мақ­саттар мен міндеттерді орын­дауда Елбасының сенімінен шығуға тырысатынын айтты. Кездесу соңында Үкімет бас­шысы жаңа министрге жұмысына сәттілік тілеп, алдағы кезде Білім және ғылым министрлігіне тікелей қатысы бар екі маңызды жиын өте­тінін, оның біріншісі мемлекеттік тілді дамытуға арналса, екіншісі, жас­тар саясатына қатысты бола­тынын жеткізді. Дастан КЕНЖАЛИН.