24 Қыркүйек, 2010

Құрмет көрсетті

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінде “Б.Момыш­ұлы­ның өшпес ерлігі арқылы жас­тарды бір­лік пен тату­лыққа тәрбиелеу­дің жолдары” деген тақырыпта хас батыр­дың туғанына 100 жыл то­луына арналған рес­публика­лық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы бас қосуға кел­ген­дер алдымен қаладағы батыр ескерткішіне  гүл шоқтарын қойды. Одан кейін режиссер Х.Омаров түсірген, “Қазақ­тың Бауыржаны” атты деректі фильмді көрді. Конференцияны уни­вер­си­тет ректоры, академик Уәлихан Бишімбаев жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімі­нің орын­басары Әли Бектаев, Ауған соғысы ардагерлері қауымдас­тығының төрағасы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, “Құр­мет” орденің иегері, “Қа­һарман” кі­табы мен “Қазақтың Бауыр­жаны” атты деректі фи­льмнің  авторы Смағұл Бақыт­бек қатысты. Әли Бектаев ба­тыр­дың өнегелі өмірі жастар тәрбиесіне темірқазық екен­дігін айтса, Бәукеңнің өзі “жеке архивімді тек Мекем­тасқа сеніп қалдырамын” деп баға берген ғалым Мекемтас Мырзахмет­ұлы баяндамасы­ның бір иінінде: “біздің жастарға жетпей жатқан бір нәрсе бар. Ол – ұлттық рух. Оның қайнар бұлағын Бауыржан Момыш­ұлы­ның еңбектерінен табуға болады”,  деді. Көз майын тауы­сып, өзі бас болып құ­рас­тырып жат­қан 45 томдық кі­таптың дай­ын 30 томының ал­ғашқы да­наларын университет рек­торына табыс етті. Жиында Бауыржан Мо­мышұлы Мәскеу түбіндегі шешуші айқаста ерліктің өшпес үлгісін көрсеткені, ол басқарған рота, батальон, дивизия жауынгерлері қаһар­мандығы жан-жақты дәлелдер мен алға тартылды. “Егемен-ақпарат”.