24 Қыркүйек, 2010

Қалыптасқан кәсіби қарым-қатынас

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Имашев бастаған Сенат депутаттарының Бас про­куратура басшылығымен кездесуінде про­куратураның конституциялық нор­маларды жүзеге асыру міндеттері туралы мәселелер талқыланды. Бас прокуратура жұмысының басым бағыттары туралы депутаттарды хабардар еткен Қ.Мәми қадағалау қызметін же­­тілдіру, Құқықтық саясат тұжырым­дамасы мен Президент Н.Назарбаевтың “Қазақ­стан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы” Жарлығын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Комитет басшысы Б.Имашев сот және құқықтық реформалардың міндеттері аясындағы талқылаудың маңыздылығын және азаматтар құқықтарын мемлекеттік қорғаудағы, Конституцияның сақталуын мемлекеттік қадағалаудағы және елдегі заңдардың орындалуындағы прокура­тураның рөлін атап өтті. Кездесу барысында Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, әлеу­меттік-экономикалық саладағы заңды­лықты қадағалау департаментінің бастығы А.Кравченко, ұсталған және қамауға алынғандардың, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеушілердің құқықтарын сақ­тау­дағы заңдылықты қадағалау депар­таментінің бастығы Н.Әбдіров депутат­тардың сауалдарына жауап берді.