Қызылжарлық диқандар Елбасы тапсырмасын абыроймен орындап шықты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен астықты өлкеде болып егін алқабында агроқұрылым басшыларымен кездескенде, биыл да биік меже алынатындығына үлкен сенім білдірген еді. Сонда Қызылжар өңірінің диқандары кемі 4 миллион тонна астық жинауға сөз берген еді. Олар сертке сай серпін танытып, берген уәделерін абыроймен орындап шықты.
Сонымен, облыс күзгі орақты алдыңғылардың қатарында ұйымшылдықпен аяқтап, сәтті қорытындылады. 3,9 миллион гектар алқапқа өсірілген егінді шашпай-төкпей жинап алу толық қамтамасыз етілді. Гектар берекесі 10,5 центнерден айналып, 4,2 миллион тонна алтын дән қамбаларға жөнелтілді. Оның 90 пайызы 3 сыныпты құрайды. Астық тапсыру әлі жалғасуда. Келер жыл өнімі үшін 546 мың тонна тұқым құйылып алынды.
Жаз құрғақшылық болып, астыққа аттаныс әдеттегіден он күн ерте басталса да қапысыз әзірліктің арқасында “әттегенайларға” жол берілген жоқ. Жауапты науқанға 10 мыңға жуық “қыр кемелері” қатыстырылып, көп жерлерде астықты тікелей жинау әдісі қолданылды. Күздің жанға жайлы әр күні тиімді пайдаланылды. Қызылжар және Ақжар аудандары танап шығымдылығын 14 центнерден асырса, Мамлют, Аққайың, М.Жұмабаев аудандары да орта көрсеткіштен жоғары өнім ала білді.
Ендігі күш-жігер мемлекеттік тұрақтандыру қорын астықпен қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Республика бойынша оның мөлшері 2 миллион тонна деп белгіленсе, облысқа жүктелген тапсырма 620 мың тонна. Күн өткен сайын астық тапсырушы шаруашылықтардың қатары қалыңдай түсуде. “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰҚ АҚ-тың жергілікті филиалына үш жүзден аса агроқұрылымнан өтінім түсті.
Солтүстікқазақстандық диқандар ішкі рынокты азықтық бидаймен қажетінше өтеп, нан және нан-тоқаш өнімдерінің негізсіз қымбаттамауына үлес қосуды парыз санап отыр.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы.

Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27
Президент Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:10
15 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:50
Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 00:45
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді
Олимпиада • Кеше
Анна Данилина Дохада өткен турнирде жеңіске жетті
Теннис • Кеше