25 Қыркүйек, 2010

Мәжіліс отырысының күн тәртібі анықталды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Алдағы аптада өтетін жалпы отырыста депутаттардың талқысы­на бірқатар халықаралық құжаттар­ды бекітуді көздейтін заң жобалары ұсынылатын болды. Сондай-ақ жал­пы отырыста кейбір заңнама­лық актілерге электрондық ақша мәселесіне қатысты толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен жұ­мыс­ты жалғастыру мәселесі қаралады. Бюро отырысында “Биоотын өндірісін және айналымын мем­лекеттік реттеу туралы” және елі­міздің кейбір заңнамалық актіле­ріне биоотын өндірісін және айна­лымын мемлекеттік реттеу мәсе­лелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы ке­лісім комиссиясының ұсыныстары туралы және басқа да мәселелер қаралды. “Егемен-ақпарат”.