28 Қыркүйек, 2010

Тәжікстанға материалдық жәрдем

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасы талқыланды. Бұл заң жобасында тәжік жағына мина іздегіштер, химиялық барлау аспаптары, офицерлік құралдар, шойын құлақшын, санитарлық зембілдер, жылжымалы ас үй, газға қарсы құрал және басқа да заттарды беру тәртібі белгіленген. Өтеусіз әскери көмек материалдық жәрдем ретінде берілетін болады. Заң жобасы палатада қарауға жіберілетін болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.