28 Қыркүйек, 2010

Сенат бюросы заң жобаларын бөлді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді. Бюрода 30 қыркүйекте болатын палатаның кезекті жалпы отырысының күн тәртібін белгілеу туралы комитеттердің ұсыныстары да қаралды. Палата отырысында бірқатар заң жобаларымен бірге, “2010-2012  жылдарға  арналған  республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы да қаралатын болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.