29 Қыркүйек, 2010

Түрік елінің Үлкер елшісі

653 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Түркияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лале Үлкер ханыммен кездесті. Айта кету керек, бұл жүздесу Түркия елшісінің Қазақстандағы қызметінің басталуына байланысты өтіп отыр. Мәжіліс Төрағасы елшіні жаңа қызметімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихы тереңде жатқан достық байланыстарға тоқталды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Екі елдің бір-біріне деген құрметі ерекше. Соның айғағы ретінде Астана қаласында өткен жылы Түрік елінің көсемі, тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші бой көтерді. Ал биыл Түркия астанасы Анкара қаласының төрінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл біздің Елбасымызға, халқымызға деген шынайы құрмет екені анық. Сондай-ақ Алматы қаласындағы бір көшеге Тұрғыт Өзалдың есімі берілген. Тараптар желтоқсан айында Астанада болатын ЕҚЫҰ Саммиті туралы, Түркі ПА-ның рөлі жөніндегі ойларын ортаға салды. Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы өз әріптестері атынан елшінің Қазақстандағы мәртебелі қызметіне табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар