29 Қыркүйек, 2010

Отандастар көбейіп келеді

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын алуға ұмтылған 15 мыңнан аса адамның, солардың ішінде тарихи Отанына табан тіреуге талпынған бауырларымыз бен ТМД, алыс шет елдерден тілек білдірген басқа ұлт өкілдерінің құжаттары қаралды. Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі атап өткендей, Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін, өтініш берген адамдар біздің отандастарымыз болып саналады. Тәуелсіз Қазақстан азаматының көгілдір төл құжатын алу құқығына ие болған әр отбасы үшін бұл нағыз атаулы күн болып саналады. Жыл сайын біздің жаңа отандастарымыздың саны шамамен 100 мың адамға көбейіп отыр. Бұл халықтың табиғи өсуіне ғана емес, Қазақ елінің өзге де азаматтармен едәуір толығатынын көрсетеді. Осындай игілікті іс біздің Отанымызға, Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа де­ген зор сенімнің нәтижесі деп білеміз, – деді. Ол бұдан әрі, Қазақстан азаматтығын алушылар біздің мемлекетімізден өздеріне өмірлік кепілдікті және балаларының айқын болашағын көреді. Комиссия ұсынысын Президент бекіткеннен кейін күшіне енеді. Ал оларға мемлекеттік органдар барлық жағдайды жасаулары тиіс, деп атап өтті Қанат Саудабаев. Сүлеймен МӘМЕТ.