29 Қыркүйек, 2010

Абай тілінің мерекесі Сервантес жерінде

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі елшілігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін өткізді. Аталған іс-шараға Испаниядағы қазақ диас­по­расының өкілдері, елшілік қыз­меткерлері және олардың от­басы мүшелері белсене қатысты. Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі елшісі Ерғали Бөлегенов мереке күніне арнаған сөзінде осы мерекенің рес­публикамыздың көпұлтты ел екендігін анық көрсететінін, мем­лекет басшылығының жүргі­зіп отырған саясаты Қазақстанда тұратын ұлттардың этностық топ­тарының теңдігін күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Қа­зақ­стан дипломаты тыңдарман­дар­дың назарын мемлекеттік тіл сая­сатының құқықтық негізіне, оның ішінде “ҚР тілдері туралы” және “ҚР білім туралы” заңда­рына, 2005-2010 жылдарға жос­пар­ланған тілдердің жұмыс істеуі мен дамуы туралы мемлекеттік бағдарла­масына аударды. Осымен бірге, Қазақстанда осы тәуелсіздік жылдарында үлкен табыстармен өткізіліп отырған саяси және экономикалық реформалардың еліміздегі тілдердің дамуына оң әсерін белгіледі. Мерекелік шараларды бітіру алдында, Испанияда – ұлы Сер­вантестің жерінде туған жас нә­рес­теге, елшілік қызметкерінің ұлы – Қазақстан Республика­сының азаматына ресми түрде туу туралы куәлік тапсырылды. “Егемен-ақпарат”.