01 Қазан, 2010

Берері мол басқосу

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы полициясы академия­сында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұйымдасты­руы­мен (қаржы полициясы) “Кәсіп­кер­лік қызмет саласындағы қыл­мыс­тар” атты оқу семинары бас­тал­ды. Оған ТМД және Балтық ел­дері, соның ішінде Тәжікстан, Лат­­вия, Украина мемлекеттерінің өкіл­­­де­­­рі, академия тыңдаушылары қатысуда. Семинар жұмысын бастаған ака­демия бастығы, қаржы полиция­сының полковнигі Марат Башимов бұл басқосудың бірқатар тәжіри­бе­лер алмасу мен өзара қарым-қаты­насты дамытуда үлкен маңызға ие екенін айта келе, іс-шара мақсаты салықтық және қаржылық қыл­мыс­­тармен күресті жүзеге асыру бо­лып табылатындығын да назар­дан тыс қалдырмады. Осы жиынға арнайы келген Латвия өкілі Плауде Карина мен Украина өкілі Михаил Гнездилов семинар маңызына тоқ­талды. Ал еліміз Қаржы полициясы академиясының 3-курс тыңдау­шы­сы Олжас Байбатшаев кәсіби са­лада біліктілікті жетілдіре түсуде осындай оқу семинарлары жиі өтіп тұрса деген тілегін жеткізді. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Күрес агенттігі (қаржы полиция­­сы)ТМД-ға қатысушы елдердің Салықтық (қаржылық) тексеру органдары басшыларының үйлес­ті­ру кеңесіне (СТОҮК) еліміз атынан мүше. Кеңес ТМД-ғы салалық ын­тымақтастық органы мәртебесіне ие десек, оның негізгі мақсаты са­лық­тық (қаржылық) заңнама бұзу­шы­лықтарға қарсы күресте іс-әре­кеттерді үйлестіре отырып, өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20