01 Қазан, 2010

Қарттарым, асыл қазынам

1903 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Ха­лықаралық қарттар күні деп жа­рия­лады. Тоқсаныншы жылдардың ба­сында Еуропада, бері келе Аме­ри­када кең атап өтілетін мереке, жыл­дар өте әлем бойынша тойлана бас­­тады. Биыл міне, Халықаралық қарт­тар күні мерекесіне 20 жыл толғалы отыр. Осыған орай, Қазақстан жаста­рының Конгресі 2010 жылдың 28 қыркүйек күні Астана қалалық қарт­тар мен мүгедектерге арналған ме­ди­ка-әлеуметтік орталығында “Жү­ректен жүрекке” атты қайырым­ды­лық акциясын өткізді. Акция “Бір­лігіміз жарасқан!” республикалық науқаны аясында жүргізіліп отыр. Мерекенің мұнша ерте тойлана бастағанына, әрі жастардың қонаққа келгеніне ата-әжелеріміз бір қуанып қалды. Қазақстан жастарының Кон­гресі Еуразия ұлттық университе­тінің студенттері қуаныш иелеріне концерт қойды. Жастық шақта би­леген ырғақты әндерін естіп, кейбір апа-әжелеріміз ортаға шығып билеп те алды. Ұлы Отан соғысының ар­да­гері, осы мекемеге тиісті мұра­жай­дың жетекшісі Олег Иванович барша ата-әжелеріміздің атынан жастарға алғысын айтты. Және шын жүректен өзінің ақ батасын берді. Сазды әннен күмбірлеген күйге ауысқан қызықты концерт үлкен буынмен жастардың қосыла билеген ырғақты вальсімен аяқталды. Ме­реке соңында Қазақстан жастары­ның Конгресінің атқарушы дирек­то­рының міндетін атқарушы Шах­мар­дан Байманов құттықтау сөзін ай­тып, белсенді жастар атынан сый­лық­тар тарту етті. Ұйымдасты­ру­шы­лар сыйлықты керегіне жаратсың деп, алдын-ала мекеме басшы­лы­ғынан не қажеттігін сұрап алған болатын. Осылайша қарттарға ар­нал­ған арнайы арбалар сыйлады. “Бұл іс-шара шарттылық үшін істеліп жатқан дүние емес. Бұл шын ықыласымыз. Тек мереке қарса­ңын­да ғана емес, еріктілер тобын ертіп жиі осында жиналуды жөн көреміз. Бірде концерт қойсақ, бірде әңгіме айтуға, мүмкіндігіміз болса қол қу­сырып бос келмей, сыйлығымызды ал­ып келуге тырысамыз. Осы қуа­ныш­тан гөрі қамығуы, шаттануынан гөрі жабығуы басым қарттары­мыз­дың арманын аялап, құрметін асы­рып, көңіл күйін тасытып жатсақ бо­лар. Себебі, бұл нағыз бірлігі жа­рас­қан ха­лықтың ісі болар”, – деді журна­­лис­терге берген сұхбатында Шахмар­­дан Байманов. Елігай НҰР.