“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі ел болашағының тірегі – жастармен жұмысты кең көлемде жүргізу болып табылады. Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев осынау қуатты қозғалысты қолдап, мемлекеттік саясаттың басты буындары қатарында маңыз беріп отыр.
“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, партиялық саясаттың өзекті мәселелерін көпшілік талқысына салды. Ол “Жас Отан” ЖҚ қалалық және аудандық атқарушы хатшыларына арналған оқу семинарының тыңдаушылары мен “Дипломмен — ауылға!” бағдарламасы бойынша Зеренді ауданында жұмыс істеп жатқан жастар алдында ашық-жарқын әңгіме өткізді. Нұрлан Зайроллаұлы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген тапсырмаларды орындаудағы жастарға жүктелген міндеттерге жан-жақты тоқталып, бүгінгі іс-қимылдың негізгі бағыттарын ашып көрсетті. Олардың қатарында еліміздің индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасы, әлеуметтік ортадағы ахуалды жақсарту, білім мен ғылым әлеуетін көтеру мәселелерімен қатар, партия қолға алған саяси жобалар ауқымы күн тәртібіне қойылып отыр. Қазақстан түркі әлемінде тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметін табысты атқарып келеді. Сонымен қатар, алдағы желтоқсан айында ЕҚЫҰ Саммитінің тәуелсіздік бесігі Астана қаласында өткізілуі жасампаз халқымызға, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевқа көрсетілген баға жетпес құрмет болмақ.
Президент қолдаған “Дипломмен — ауылға!” қозғалысы жастар жүрегіне жігер құйды. Қазірдің өзінде 7000-нан астам жас маман ауылдарға қоныстанып, жемісті жұмыс істеп жүр. Бұл астаналық Ақмола облысында да белсенді сипат алуда. Партия Төрағасының бірінші орынбасарымен болған кезде жастар шын мәнінде бүкілхалықтық жобаға айналған қозғалысты өрістету, ауыл өмірін гүлдендіру жөнінде пікір алмасып, сұрақтарға жауап қайтарылды.
“Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин мен Ақмола облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы С.Дьяченко, филиал басшысының бірінші орынбасары Ғ.Шойкин қойылған мәселелердің өзектілігін атап көрсетіп, партия және облыстық атқарушы орган тарапынан оларды шешуге жағдай жасалатындығын мәлімдеді.
Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.

Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15
Олимпиада-2026: Шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Олимпиада • Бүгін, 11:50
Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:15
Олимпиада-2026: 15 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?
Олимпиада • Бүгін, 10:27