01 Қазан, 2010

Ұсынылғандар белгілі...

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 қыркүйек күні Астанада, Ақордада Қазақстан Республи­ка­сы­ның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Сау­дабаевтың төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы Мемлекеттік сый­лығын беру жөніндегі комиссия­ның қорытынды отырысы болып өтті. Отандық шығармашылық зиялы қауымнан құрылған ко­мис­сия мү­шелері алдында сөз сөйлеген Мем­лекеттік хатшы бұл сыйлықтың мәні мен маңызына тоқталып, таң­дау жасаудың жауап­кершілігі мен мақсаты туралы айтты. Мәдениет ми­нистрі М.Құл-Мұхаммед ірікте­ліп алынған шығармалардың үш айлық мерзімдегі талқылану ба­ры­сы жөнінде хабарлама жасады. Комиссия мүшелері ойларын ортаға салып, кеңінен пікір алысты. Отырыс қорытындысында Ко­миссия мүшелері жасырын дауыс беру арқылы Елбасының қарауына бекітуге ұсынылатын үміткерлерді анықтады. Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Оны жаңа лауреаттарға Елбасының өзі тапсырады.