01 Қазан, 2010

Ұйымдастыру мәселелері қаралды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Венадағы  штаб-пәте­рінде Қазақстан Республикасы­ның делегациясы ЕҚЫҰ-ның үсті­міз­дегі жылдың 1-2 желтоқ­санында Астанада өтетін Сам­ми­тін ұйым­дастыру және логистика мәсе­ле­лері бойынша Тұрақты кеңесінің мүшелері үшін тұ­саукесер ұйым­дастырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің бас­пасөз қызметі. Кездесуге қатысушылар ал­дын­­да негізгі баяндаманы қазақ­стандық төрағалықтың Таск-форс басшысы, Саммиттің атқарушы хатшысы Сер­жан Әбдікәрімов жасады. Саммит атқарушы хат­шы­лығының өкілдері шараға дайындық барысы, қатысушы мемлекеттер делегация­лары­мен, әріптестермен және ха­лықаралық ұйымдармен жұмыс­тарды үйлес­тіру қырлары туралы жан-жақты ақпарат берді. Астанада жоғары меймандар, оларды ертіп жүретін адамдар, күзет пен баспасөз өкілдері болуы мәселелері бойынша нақты пікір алмасылды. Атап айтқанда, тір­кеу, күтіп алу, орналастыру, қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз ету, үкі­меттік емес ұйымдар мен БАҚ жұ­мысын ұйым­дастыру мәсе­лелері талқыланды.