01 Қазан, 2010

Құрылыс барысы қаралды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласының Бас жоспары ҒЗЖИ-де Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астананың жаңа орталығының құрылысына бақылау жасау жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда Астанада және қаламен шектес аймақта үлескерлердің қатысуымен са­лы­нып жатқан тұрғын үйлер құрылысының ба­рысы, сол сияқты, бекітілген бас жоспар шеңберінде 2011-2013 жылдары салынуға тиіс мемлекеттік ғимараттар құры­лы­сын­дағы бірінші кезекті инвестициялық жоба­лар туралы мәселелер қаралды.