01 Қазан, 2010

Атқарылар істер ауқымы

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 қыркүйекте Экономиканы модернизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Парламент депутаттары, орталық ат­қа­ру органдарының басшылары, ғылыми ме­ке­мелер мен қоғамдық ұйымдардың өкіл­де­рі қатысқан отырыста Үдемелі индус­трия­лық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігі әзірлеген Қазақстан Респуб­ли­ка­сында инновация­лар­ды дамыту және технологиялық модерниза­циялауға ықпал ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға дейінгі ке­зеңге арналған бағдарлама жобасы талқы­ланды. Талқылау қорытындысы бойынша Ин­дустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігіне енгізілген ұсыныстарды ес­кере отырып, жобаны толықтыру жөнінде тапсырма берілді. Оңтүстік мемлекеттік шекараларды одан әрі нығайту мәселелері жөніндегі жұмыс бабындағы кеңесте Қазақстан Рес­публикасының Кеден одағы шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға қатысты Мем­лекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы сөз болды.