Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Бүгінгі мемлекеттік саясаттың негізі халықтың әл-ауқатын арттырумен және ертеңге деген сенімдерін нығайтумен өлшенеді десек, еліміз экономикалық жағынан ілгері басып, өзге мемлекеттердің сенімді әріптестік көзқарасын қалыптастырып келеді. Озық инфрақұрылымды нығайту үшін қаржы салушы инвесторлар қатары көбейгені де осыған дәлел.
Астанада өткен бизнес форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Германияның канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен “Аксиома-Сервис-Контракт” құрылыс компаниясы мен немістің “FCP” инвестициялық компаниясы заманауи зауыт салуда бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келіскеніне біраз болды. Сол бастама бойынша таяуда аталған компания жетекшілерін облыс әкімі Серік Үмбетов қабылдап, жақсы істің тиянағын келтіруге байланысты мәселелер ортаға салынды.
“Аксиома-Сервис-Контракт” құрылыс компаниясының басшысы Қайрат Қамаубаев бірлескен кәсіпорынның полиэтилен және жылу құбырларына арналған жаңа технологиялық өнім шығаруды қолға алатынын ортаға салды. Өйткені қазіргі кезде бұл өнім үлкен сұранысқа ие.
Финляндияның “KWH” компаниясының озық үлгідегі технологиясы дүние жүзіне танымал. Бүгінде олардың зауыттары Солтүстік Америка, Канада, Еуропа, Ресей мемлекеттерінде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтаған әрі тұтынушы талғамын қанағаттандыруда.
Басқосуда Қазақстанда “FCP”, “KWH” және “Аксиома-Сервис-Контракт” компаниялары бірігіп, жаңа зауыттың жобасын бастау үшін келісім-шартқа отырды. Зауыт құрылысы биылғы қараша айында басталады деп жоспарланса, құрылысқа қажетті жер телімі Қарасай ауданы аймағынан беріліп, оған 27 млн. еуро жұмсалмақшы. Өндіріс толық іске қосылғанда 150- ден астам адам жұмыс істейтін болады.
Жылдық өнім өндіру көлемі 40-45 мың еуроны құрайды. Еліміз үшін мұндай өндіріс орны аса қажет, оның сапасы да жоғары, дейді кәсіпорын басшылары. Компания жетекшілерімен кездесуде облыс басшысы өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, соңғы жылдары инвестиция тарту мәселесінде біршама жұмыстар атқарылғанын айтып өтті.
Кездесуде Вернард Кнам біз Қазақстанда зауыт салуды қолға алмас бұрын мұндағы қаржы дағдарысына қарамастан жағдайдың тұрақты екеніне назар аударып, экономика мен рынокты зерттедік. Нәтижесінде Қазақстанның инвестор тартудағы әлеуеті жоғары екендігіне көз жетті, деді. Екі жақты әңгіме барысында бірлескен үш компанияның алдағы міндеттері мен жауапкершіліктері ортаға салынып, игі бастамаға сәттілік тіленді. Жетісу өңірінде осылайша тұрмысқа қажетті полиэтилен және жылыту құбырларына арналған жаңа технологиялық өнім шығарылатын күн жақын деуге негіз бар.
Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Бүгін, 20:27
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Бүгін, 20:20
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15