02 Қазан, 2010

Кино – өмір, өмір – кино

816 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бас жүлде қырғыз режиссері Актан Арын Кубатқа бұйырды Алматының айшықты оқиғаларының қатарындағы VІ халықаралық “Еуразия” кинофестивалі де мәреге жетті. Осылайша кезекті кино­фестивальдің салтанатты мара­паттау сәті де келіп жетті. Сахнаға ұлттық кино­сту­дия жетекшісі – “Қазақ­фильм” АҚ президенті Ермек Аман­шаев көтеріліп, алтын­шы рет өткізілген кинофес­тиваль та­быс­тарын қысқаша дәйек­теп, “Еуразия” кино­додасына дәс­түрлі жалғастық тілей келіп, кинофестивальдің ұйым­­дастыру комитеті аты­нан Ке­вин Костнерге “Әлемдік кинематографияға қосқан үле­сі үшін” жүлдесін тап­сырды. Ал биылғы кинофес­тиваль­дің бас жүлдесін қыр­ғыз режис­сері Актан Арын Кубат “Свет-Аке” картина­сымен жеңіп алды. Осы арада бас жүлденің құны 3 миллион тең­ге екенін айта кетуге бо­лады. Актан мырза бас бәй­геден бө­лек FІPRESСІ қа­зыларының жүлдесіне де ие болды. Қалған атаулы сыйлықтар төмендегідей ретпен иелерін тапты. NETPAC  қазылары­ның жүлдесі екі бірдей кино­туын­дыға тағайындалды. Оның бірі – режиссер Тай­фун Пирселимоглудың “Шаш­тар”(Түркия) фильмі де, ке­ле­сісі – режиссер Ел­чин Муса­оглу­дың “40-шы есік” (Әзір­бай­жан) деп аталатын кар­тинасы. Биылғы “Еуразия” кино­фестивалінің “Ерекше оқиға” дипломы Ершат Яхфудың “Гул­бике” картинасына бе­рілді. Бұл фильмді Шыңжаң­дағы қазақ диаспорасы түсір­ген екен. Халықаралық қазылар алқасының шешімімен “Жаңа есімнің ашылуы” дипломын “Бибінұр” фильмінде басты рөлді сомдаған Резеде Ха­диул­лина алды. Қазақ карти­на­ла­рының ішінен Ақан Са­таев­тың  “Адасқандар” жұ­мысы ата­лынып, осы кар­тинада ой­наған Ресей кино­жұлдызы Ан­дрей Мерзликин “Ең үздік ер адам рөлі” жүлдесін иемденді. “Ең үздік әйел рөлі” жүлдесі “Гастар­байтер” (Ресей) фильмінде ойнаған Дарья Горшкалеваға бұйырды. “Үздік режиссерлік жұ­мыс” жүлдесіне  “10-нан 11-ге дейін” деп аталатын тү­рік фильмінің режиссері Пе­лин Эсмер лайық деп та­былды. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.