Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Леле Үлкерді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Төраға Л.Үлкерді оның елші болып тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметте табысты болуына тілектестігін білдірді. Барлық деңгейдегі байланыстардың қарқындылығын атап өте келіп, Қ.Тоқаев парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Парламент Сенатында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ынтымақтастық тобы құрылды, Түркия-Қазақстан достық тобының табысты қызметі де екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Биылғы 7-10 қазанда Түркия Парламентінің Төрағасы Мехмет Али Шахинның Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отыр. Төраға бұл сапар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі белсенділендіруге жаңа серпін беретінін атап көрсетті.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстан мен Түркияны терең тамырлы мәдени-тарихи қатынастар байланыстырады. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Ыстамбұлдағы саммитінің табысты нәтижелері туралы айта келіп, Л.Үлкер Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді және Н.Назарбаевтың Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесін құрудағы рөлін атап өтті.