02 Қазан, 2010

Мәжіліс үйінде болды

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партия­сы­ның “Қадірлі менің қарттарым” акциясы аясында Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданынан ел орда­сын көруге келген қырық бес соғыс және еңбек арда­гері мен қаладағы “Ардагер” клубының мүшелері Мә­жі­ліс үйінде болып, еліміздің ең жоғары заң шығару­шы органының қызметімен танысты. Оларды Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Серік Темірболатов қарсы алып, палатаның заң шығарушылық қызметі жайында әңгімелеп берді. Қонақтар Парламент Мәжілісі үйін аралап, па­ла­таның жалпы отырыс залында болды. Депутат­тардың заңмен жұмыс істеу орындарымен танысты. * * * Жақында Аягөз қаласынан 29 теміржолшы Астана қаласына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласынан келген теміржолшыларды Мәжіліс үйінде қарсы алды. Депутаттың арнайы шақыруымен Шығыс Қазақстан облысынан келген еңбек ардагерлері елор­да­ның көрікті жерлерін аралап көрді. Атап айт­қанда, шығысқазақстандық қонақтар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында, Бейбітшілік және келісім сарайында, “Нұр Астана” мешітінде, “Атамекен” Қазақстан картасы этномәдени орталы­ғында және “Думан” ойын-сауық орталығында болып, үлкен әсер алғандарын баяндап берді. Астанаға келгендердің арасында темір жол сала­сында 30-40 жылдай еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққандары да бар. Соның ішінде зейнеткерлер Қа­һар­ман Садықов, Мақсұт Тәпенов, Харида Тұрарбе­кова, Дәметкен Құжаханова елімізге еселі еңбек сіңірген жандар. Кездесуде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Пар­ламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару тә­жірибесі жайлы айтып берді. Елбасының парла­мент­ші­лердің алдына қойған міндеттеріне тоқталып өтті. Кездесуде Фарзангүл Әмірханова мен Нұрбану Асубаева “Нұр Отан” партиясынан сайланған халық қалаулысына ризашылықтарын айта келіп, туған жерінің тілегін жеткізді. Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист. Суретті түсірген Аманқұл ДҮЙСЕНБАЕВ. Суретте: аягөздік теміржолшылар депутатпен бірге.