Бурабайдағы “Приозерный” демалыс орталығында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен республикалық “Жазғы университет” әңгіме-сабағы өткізілді. Оған Білім және ғылым министрлігінің, республикалық және аумақтық жастар қоғамдарының өкілдері, ішкі саясат басқармаларының бас мамандары қатысты. Қонақтарды облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжанар Шөкеева құттықтады.
Іс-шараның “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру міндеттері туралы” жалпы сессиясын министрліктің департамент бастығы М.Қожахмет басқарып, онда Елбасы Жолдауында алға қойылған тапсырмалардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, жастар екі күн бойы Жастар конгресінің қызметі, жалпыхалықтық “Ауыл жастары” бастамасы, “Этноауыл” жобасы, қазіргі кездегі әлеуметтік бәсекелестік, жастар бірлестіктерін дамытудағы мүдделер ортақтығы бағытында ой саларлық шебер сыныптар, пікір алмасулар, тренингтер, мәдени шаралар өткізіп, секциялар бойынша баяндамалар тыңдады.
Бақберген АМАЛБЕК.
Ақмола облысы.