05 Қазан, 2010

Төрт ұстаз пәтерлі болды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жас ұрпаққа сапалы  білім, саналы тәрбие беру жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына Мұғалім  күні үлкен құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов өз сөзінде мектептерде  591 пән кабинеттері ашылып,  456 интерактивті тақта қойылғанын,  биыл “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында үш білім үйі пайдалануға берілгенін, осынша балабақша мен Тұңғыш Президент атындағы 720 орынды интеллектуалды мектеп құрылысының басталатынын, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткішінің 63 пайызға жеткенін айта келіп, бір топ  ұстазға сый-сияпат көрсетті. Мұғалімдерге облыс әкімінің құрмет грамо­та­лары, сауықтыру шипажайына жолдамалар табыс етілді. Түрлі номинация  жеңімпаздарына ноутбук сыйға тартылды. Төрт ұстаз пәтерлі болды. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.