06 Қазан, 2010

Театр гастрольдік сапарда

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өнер – халықтікі. Демек, ол көп­шілік игілігіне айтылғанда ғана өмір­шең. Осы мақсатты көздеген облыстық Бикен Римова атындағы драма театр ұжымы гастрольдік сапарын Алматы шаһарындағы ұйғыр театрынан бастап, сахна шымылдығын Мұрат Ахмадиев­­тің режиссерлығымен “Райымбек! Райым­бек!” поэмасының желісімен сахна­ланған спектакльмен ашты. Қойылым поэма авторы, мұзбалақ ақын Мұқа­ғалидың бейнесімен көрініс беріп, қызыл империяның кесірінен тілі мен ділінен, дінінен айрылып қала жаз­дағаны шынайы суреттелгенін айтқан жөн. Сондай-ақ халқымыздың тари­хында “Ақ­та­бан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған қалмақ шапқын­шы­лы­ғын­дағы елдік пен ерліктің, бірлік пен ынтымақтың нәтижесін танытқан тұсы да жан-жақты бейнеленді. Қойылымның негізгі арқауы – Отанға, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің оң­қай асықтай қолға оңай келмегені де көрерменге ой салады. Спек­та­кль­­­­ге 50-ден астам әртіс қатыстырылса, көрермендердің көңілі­нен шыққа­нын айтқан жөн. Өнер ұжымы бұдан кейін гас­­трольдік сапарын Жамбыл, Оң­түс­тік Қазақстан, Қызылорда облыс­та­рында жалғастыруды мақсат ет­кен. Қаржы жетіспеушілігінен ал­ыс­қа бара алмаған театр өнерпаз­да­­рына облыс әкімі бюджеттен қаржылай қолдау көрсетті. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.